Жаңалықтар
1 мин оқу 234

Миссия басшысын қабылдады

Конституциялық Кеңес төрағасы И.РоговКеше Конституциялық Кеңес төрағасы И.Рогов Қазақстан Республикасын­дағы парламенттік сайлауды қадағалау бойынша ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ миссиясының басшысы Борис Фрлец пен оның құқықтық мәселелер бойынша кеңесшісі Меган Фитжеральды олардың өтініштері бойынша қабылдады. И.Рогов әңгімелесушілеріне сайлау процесі саласында Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері және шешімдері туралы хабардар етті. Өз кезегінде, Борис Фрлец мырза ағымдағы жылғы 17 ақпаннан бастап Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын қадағалауға ресми кіріскен миссияның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Тараптар, сондай-ақ, сайлау шараларын өткізу процесінде Конституцияның және сайлау заңнамаларының нормаларын толыққанды іске асыру мәселелерін талқылады. Демократиялық сайлаудың халықаралық стандарттарын ұстануға баса назар аударылды, деп хабарлады Конс­ти­туциялық Кеңестің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Миссия басшысын қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар