Жаңалықтар
1 мин оқу 310
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Қазақстан Республикасы Парламентінің ұсынысын қабылдамау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің бастамашылығымен жасалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Қазақстан Республикасы Парламентінің ұсынысы қабылданбасын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 6-сы. № 1134
Бөлісу: