Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Оманда жол апатынан 18 адам қаза тапты

01-03-2016 omanАСТАНА. 1 наурыз. Оманда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 14 адам түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Ибри және Фахуд қалаларының арасында болды. Зардап шеккендерге дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді. Апат болған жерде полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Сурет: nbnews.com.ua
Бөлісу:
Оманда жол апатынан 18 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар