Жаңалықтар
1 мин оқу 292

Air Astana әуе компаниясының ұшқышы нашақор болып шықты

04-03-2016 air astanaАЛМАТЫ. 4 наурыз. "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшқышы Роман Быков Алматы әуежайында нашақорлығы үшін ұсталды. Бұл туралы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қызметкерлердің ішімдік ішуі мен есірткі пайдалануына қатаң түрде тыйым салынған. Мекемеде экипаж мүшелерінің қан құрамын тестілеп тексеру жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Бүгінге дейін ұшқыш болып келген Роман Быков анықталған деректерге сәйкес қызметінен аластатылды», – делінген баспасөз қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан мәліметінде. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: tengrinews.kz.
Бөлісу:
Air Astana әуе компаниясының ұшқышы нашақор болып шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар