Жаңалықтар
1 мин оқу 300

Сыртқы істер министрінің орынбасарлары тағайындалды

04-03-2016-MFA 01АСТАНА. 4 наурыз. Бүгін Мемлекет басшысының Өкімдерімен Сыртқы істер министрінің орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сонымен, Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне; Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне; Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне; Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Еламан Қоңыр. Дерек: akorda.kz. Сурет: mfa.kz.
Бөлісу:
Сыртқы істер министрінің орынбасарлары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар