Жаңалықтар
1 мин оқу 250

Мемлекет басшысы Ақтөбедегі зияткерлік мектепке барды

Akorda 01АҚТӨБЕ. 10 наурыз. Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепке барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Елбасы мектептің оқу сыныптарын, спорт залын, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстары көрмесін аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен әңгімелесіп, оларға табыс тіледі және оқуда үздік нәтижеге жетулеріне ниеттестігін білдірді. Мектепте 202 педагог маман, соның ішінде 125 мұғалім, 16 куратор, 8 тәрбиеші және 17 шетелдік қызметкер оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: akorda.kz.
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Ақтөбедегі зияткерлік мектепке барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар