Жаңалықтар
1 мин оқу 420

Пәкістанда көмір шахтасы опырылып, 7 адам қаза тапты

13-03-2016-PakistanАСТАНА. 13 наурыз. Пәкістанның көмір шахтасында туннель опырылып, 7 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Төтенше оқиға Пәкістанның Оракзай аймағында орын алды. Шахтаның опырылуы салдарынан 10 жұмысшы жарақат алып, жер астында 45 кенші құтқарылмай қалды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апат кезінде шахтада 60-тан астам адам болған. Айта кетейік, оқиға орнына төтенше жағдай қызметінің мамандары келгенімен, кеншілерді жер астынан алып шығуға арналған құрал-жабдықар жетіспеген. Сондай-ақ, құтқару операциясына қараңғылық пен жауын-шашын кедергі келтіруде. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.
Бөлісу:
Пәкістанда көмір шахтасы опырылып, 7 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар