Жаңалықтар
1 мин оқу 382

Эквадорда әскери ұшақ апатқа ұшырады

16-03-2016 ecuadorАСТАНА. 16 наурыз. Эквадордың шығысындағы Пастаса провинциясында әскери ұшақ апатқа ұшырап, 22 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл ақпаратты алғаш болып, мемлекет президенті Рафаэль Корреа twitter желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. «Франс Пресс» агенттігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 19 сарбаз, екі механик және бір ұшқыш болған. Олар жаттығу кезінде апатқа ұшырады. «Ұшақ бортында болғандардың бәрі қаза тапты. Аман қалғандары жоқ. Олар біздің елдің солдаттары болатын», – деді Рафаэль Корреа. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Сурет: rbc.ua.
Бөлісу:
Эквадорда әскери ұшақ апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар