Жаңалықтар
1 мин оқу 206

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Akorda үлкеніМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федера­ция­сының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Дондағы Ростов әуежайында Boeing жолаушылар ұша­ғының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қайғырып көңіл айтты.
Бөлісу:
Көңіл айту жеделхатын жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар