Жаңалықтар
1 мин оқу 260

Көңіл айту жеделхатын жолдады

20150113153313Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссель қаласында болған террорлық актіге байланысты Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Мемлекет басшысы еліміз халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптайтынын және осындай қиын сәтте Бельгия халқын жан-жақты қолдайтынын айтты.  
Бөлісу:
Көңіл айту жеделхатын жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар