Жаңалықтар
11 мин оқу 481
Жаңа Парламент алдында жауапты міндеттер тұр
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, VI шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі.
Білім беру мен ғылымның жаңа бағдарламасы жұмыс істей бастады. Ол өмір бойы оқытуға қайта бағдарланған және бағытын еңбек нарқының сұранысына, білікті кадрлар дайындауға қарай өзгертіп отырады. Мұндай қадам мобильді жұмыс күші және еңбекпен қамту үшін нәтижелі орта қалыптастырады. Жоғары оқу орындарында халықаралық стандарттар бойынша аккредиттеу енгізіліп, сырттай оқыту қашықтықтан оқытумен алмастырылады. Балалар 100% мектепке дейінгі оқытумен қамтылатын болады, деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап-ақ елімізде кезең-кезеңімен үштілді білім беруді енгізу басталатынын атап көрсетті. 2020 жылға қарай 12 жылдық білім беруге толықтай көшу қамтамасыз етілетін болады. Әр мектеп бітіруші алғашқы жұмыс мамандығын тегін меңгеруге мүмкіндік алады. Ғалымдардың болжамы бойынша, 2020 жылға қарай Жер шары халқының 50%-ын «цифрлық балалар» құрайтын болады. Мектеп оқушыларының жаңа буынына толықтай цифрлық әлемде өмір сүру, оқу және жұмыс істеу бұйырмақ. Сондықтан, мектептерді ақпараттандыруды жалғастыру қажет. Мұнсыз білім беруде жаңа міндеттерді шешу мүмкін емес. 2,5 мың мектеп қазірдің өзінде Интернетке қосылған. Тағы 1500 мектепті қосу үшін қаржы бөлінген. Көптеген елдердің үкіметтері осы мәселені өздерінің бақылауларында ұстауда. Бізде де солай болуы тиіс. Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп барлық мектептерде Интернеттің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл арада ұлттық операторлар әлеуметтік жауапкершілік танытып, мектептер үшін арнайы тарифтер ұсынулары тиіс.
Біз ЭЫДҰ-мен интеграцияланудамыз, және біз дәйекті болуға тиіспіз. Барлық дамыған елдердің мектептерінде бес күндік оқыту аптасы қалыптасқан. Балаға қалпына келуге, педагогке демалып, сабаққа дайындалуға мүмкіндік беріледі. Кейбір елдерде, тіпті, төрт күндік оқыту аптасы да бар. Және мұндай пішімге көшу бүгінде дамыған елдердің жалпыәлемдік тренді. Ғалымдар қазірдің өзінде оқыту аптасының ұзақтығын қысқарту оқытудың нәтижелілігін арттыратынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Білім және ғылым министрлігіне бұл үдерісті тым болмаса бастауыш мектептерден бастау керек, деді Президент.
Мен Қазақстанда 20 зияткерлік мектеп салу туралы жариялаған едім. Бүгінде олардың бәрі салынып бітті, деп жалғады сөзін Елбасы. Бұл – мектепте білім берудегі өте маңызды серпіліс. Оларда білім берудің жаңа мазмұны байқап көріледі. Және қазірдің өзінде жақсы нәтижелер бар. Осы жылы оны тағы 30 мектептің бірінші сыныбында енгізу жоспарланып отыр. Бірақ бұл жұмыс аса баяу жүргізілуде. Зияткерлік мектептерде табысты өткен тәжірибелер бүкіл елімізде – үш, әрі кеткенде төрт жылда енгізілетін болуы тиіс. Білім және ғылым министрлігіне осы жұмысты қамтамасыз етуді тапсырамын.
Есеп беретін мемлекет қалыптастыру бойынша реформалар аясында маңызды шаралар қабылданды.
Біріншіден, барлық министрліктер мен әкімдіктерде жаңа заңнамалық негізде ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық кеңестер құрылуда. Олар мемлекеттің саясатын жасап, жүзеге асыруда бүкілхалықтық бақылаудың тетігіне айналуы тиіс.
Екіншіден, мемлекеттік жоспарлауда оңтайландыру жүзеге асырылды. Түрлі деңгейдегі 8 бағдарлама жоюға қойылса, 4 салалық бағдарлама үкіметтік пішінде қайта бекітілді. Стратегиялық жоспарларды жаңғырту стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз етсе, бұл өз кезегінде құжат айналымының көлемін қысқартты.
Үшіншіден, Мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың жаңа жүйесі жұмыс істей бастады. Мемлекеттік органдар, әкімдер мен ұлттық университеттер басшыларының жыл сайын халық алдында есеп беретін тәжірибесі енгізілді. Астана, Алматы және барлық облыстар әкімдері есеп берді. Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында – министрлер, ал үшінші тоқсанында ұлттық университеттердің ректорлары есеп беретін болады.
Төртіншіден, көлікке және елді мекендердегі жерге салықтар заңды тұлғалардан жергілікті өзін өзі басқару органдарына берілді.
Бесіншіден, «Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы құрылды.
Осылайша, Ұлт Жоспары қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, Қазақстанның экономикасын жаңа жаһандық ахуалда дамытуға жұмыс істеуде. Бұл бізді жүзжылдықтағы басты мақсатымыз – 30 көшбасшы елдер қатарына енуге жақындатып, қоғамымызды берігірек, лайықтырақ және сенімдірек етеді.
Құрметті депутаттар! деді Елбасы сөзінің соңында.
VI шақырылымдағы Парламент алдында әрі қарайғы заң шығармашылық жұмыс бойынша бірқатар маңызды міндет тұр.
Біріншіден, барлық қаржы процедураларының мөлдірлігін қамтамасыз ететін біртұтас салық және кеден кодекстерін қабылдау қажет. Екіншіден, «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің қабылдануымен аталған саладағы қарым-қатынастарды реттейтін барлық нормалар бір заңнамалық актіге шоғырландырылатын болады. Үшіншіден, қолданыстағы электр энергетикасы мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу керек. Бұл қуат таратушы ұйымдарды ірілендіру үдерістері үшін талап етіледі. Төртіншіден, монополияға қарсы саланы реформалаудың екінші кезеңі шеңберінде бәсекелестік мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Бесіншіден, заңнаманы мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға әрі қарай беру бөлігінде жаңғыртқан жөн. Жергілікті өзін өзі басқару органдары мәселелері бойынша заңнамалық актілер олардың өздерінің бюджеттері мен меншіктерін тиімді басқару үшін жетілдірілетін болуы тиіс, деді Н.Назарбаев.
Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастарды дамыту, әлбетте, Парламентті қоса алғанда, мемлекеттік органдардың жұмысына өзінің түзетулерін енгізетін болады. Мәжіліс депутаттары заң шығармашылық үдерісте Парламент Сенатымен конструктивті өзара іс-қимыл таныту дәстүрін жалғастыратынына сенімдімін. Мәжіліс өкілеттілік ететін барлық кезеңде заң шығармашылық жұмыстың Перспективті жоспарын жасау маңызды міндет болып табылады. Жаңа жағдайларда тұтастай Парламенттің және оның әр палатасының жалпысаяси рөлі мен жауапкершілігі артатынын ерекше атап өткім келеді. Парламентарийлердің партияаралық өзара іс-қимылын күшейтіп, барлық фракциялар мен депутаттық топтардың үйлесімді жұмысына қол жеткізу керек. Қазақстандық депутаттардың халықаралық парламентаралық қоғамдастыққа белсенді қатысуы – маңызды міндет, дей келіп, Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа депутаттардың жұмысқа жедел қосылатынына, ал бұрынғы құрам депутаттарының сабақтастықты қамтамасыз етіп, «жаңа арналарға» тез көшетініне сенімді екенін білдірді.
Сөзінің соңын Қазақстан басшысы төмендегіше түйіндеді: Сіздер сайлану арқылы жауапкершілік алдыңыздар. Елдің сеніміне ие болдыңыздар. Баршаңызды тағы да құттықтай отырып, елімізге тыныштық пен амандық, өздеріңізге денсаулық және алдағы үлкен еңбек жолында барлығыңызға зор табыс тілеймін.
Президент сөзін аяқтаған соң Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының және Сенаттың аралық кезеңдерінде тағайындалған депутаттары Қазақстан халқына ант беріп, оны халық атынан Президент қабылдады.
Ант беру рәсімі аяқталған соң Парламент Мәжілісі VI сайланымының депутаттары алғашқы жалпы отырысын өткізу үшін палатаның пленарлық мәжілістер залына өтті.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.Бөлісу: