Жаңалықтар
1 мин оқу 260

Индонезияда түрмеде болған өрттен 5 адам қаза тапты

27-03-2016 indonesiaАСТАНА. Индонезияның Суматра аралындағы түрмеде өрт шығып, 5 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, өткен жұма күні, яғни 25 наурызда құқық қорғау органдары криминалды ортада беделді болған қылмыскерді алып кеткен соң, жазасын өтеушілер наразылығы ретінде өртті ұйымдастырған. Қызыл жалыннан бір адам жарақат алды. Ал жазасын өтеп жатқан 252 адам жергілікті түрмелердің біріне ауыстырылды. Қызметкерлерден ешкім зардап зардап шеккен жоқ. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».
Бөлісу:
Индонезияда түрмеде болған өрттен 5 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар