Жаңалықтар
1 мин оқу 290

Ыстамбұлда лаңкестікке қарсы шеру өтті

28.03.2016 AST-1 АСТАНА. 28 наурыз. Түркияның Ыстамбұл қаласында лаңкестікке қарсы шеру өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Онда 8 футбол клубының жүздеген фанаты бірігіп, Анкара мен Ыстамбұлда болған лаңкестік шабуылды айыптады. Футбол жанкүйерлері Ыстамбұлдың орталығымен жүріп өтті. Осы жерде бірнеше күн бұрын 5 адам қаза тапқан. Одан бұрын Анкарада лаңкестердің кесірінен 37 адам қаза тапқан болатын. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: euronews.com
Бөлісу:
Ыстамбұлда лаңкестікке қарсы шеру өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар