Жаңалықтар
1 мин оқу 330

Ресейлік компания Қазақстандағы алтынның ірі кен орнын сатып алды

04.04.2016 AST-22 АСТАНА. 4 сәуір. Ресейлік Polymetal International plc компаниясы Қазақстандағы алтынның ірі кен орнын 100 миллион АҚШ долларына сатып алды. Бұл туралы компанияның polymetal.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресейліктер Қазақстандағы кен орнын сатып алу үшін «Қазцинк» ЖШС-мен келісім-шарт жасады. Компанияның деректеріне қарағанда, кен орнында 40 мың тонна алтын бар. Бұл жер Қостанай облысының Жітіқара қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан. Кен орнының жалпы аумағы– 104 шаршы километр. Дастан Кенжалин. Дерек: polymetal.ru Фото: egemen.kz
Бөлісу:
Ресейлік компания Қазақстандағы алтынның ірі кен орнын сатып алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар