Жаңалықтар
1 мин оқу 341

Самурайдың семсері

Шекаралық бақылау кезінде қазақстандық шекарашылар сирек заттарды заңсыз алып өтуге тырысатындардың жолын кесіп жатады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ теміржол» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Астанадан Санкт-Петербург қаласына кетіп бара жатқан азаматқа шекаралық ба­қылау жасағанда оның сөм­кесінен суық қару тапты.

Суық қару анау-мынау емес, самурайдың семсері болып шық­ты. Оны 27 жастағы Ресей азаматына достары сыйлаған кө­рінеді. Семсердің ұзындығы жарты метрге жуық, ені – 2,5 см, қа­лың­дығы –  5 мм, қылпылдаған ұс­тара­сының ұзындығы 29 см болып шық­ты. Салмағы 1 100 грамм екен. Шекарашылардың қырағылығы бол­мағанда, бұл жәдігер шекара асып кете барған болар еді.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.

Бөлісу:
Самурайдың семсері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар