Жаңалықтар
1 мин оқу 254

Ірі жол апатынан 25 адам опат болды

10-04-2016 dtpАСТАНА. 10 сәуір. Замбияның орталығындағы Кабве қаласында ірі жол апатынан 25 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабрлады. Полиция қызметкері Черити Мунганда Чанданың айтуынша, жолаушылар автобусының жүргізушісі жүк көлігін айналып өтпек болып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Дәл осы кезде миниавтобусқа келіп соқтығысқан. Ал «Синьхуа» агенттігі жүргізушімен бірге есептегенде автобус ішіндегі 25 адамның бәрі мерт болғанын, олардың арасында 4 жеткіншектің бар екенін хабарлады. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: dp.ru.
Бөлісу:
Ірі жол апатынан 25 адам опат болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар