Жаңалықтар
1 мин оқу 260

Сомалиде лаңкестік шабуылдан 5 адам мерт болды

12-04-2016 somaliАСТАНА. 12 сәуір. Сомалидің астанасы Могадишо қаласында лаңкестердің әрекетінен 5 адам мерт болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, көпшілік жиналған жерде бомба қойылған көлік жарылған. Ал Рейтер агенттігі осыған дейін жанкештінің жарылғыш зат орнатылған автомашинамен үкімет ғимаратына кіріп барғаны туралы хабарлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, лаңкестік шабуылды «Аш-Шабаб» радикалды ұйымы өз мойнына алды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».
Бөлісу:
Сомалиде лаңкестік шабуылдан 5 адам мерт болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар