Жаңалықтар
1 мин оқу 350

Бөлімнен – аппаратқа

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Бақтықожа Із­мұ­хамбетовтің Өкімімен Парламент Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары болып Зере Өтебаева тағайындалды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Ол Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімін басқарып келді. Зере Орынтайқызы Мәскеу экономика және құқық институтын және Ресей Ғылым академиясы әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының аспирантурасын бітірген. Заңгер, саяси ғылымдар кандидаты.  
Бөлісу:
Бөлімнен – аппаратқа · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар