Жаңалықтар
1 мин оқу 250
Елбасы Түркияға келді
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына сапары туралы хабарлады.
Қазақстан Президенті Ыстамбұл қаласына келді. Мемлекет басшысы сапар барысында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ХІІІ саммитіне қатысады. Бұдан бөлек, Түркия Президенті Р.Ердоғанмен, түрік холдингтері мен компанияларының басшыларымен, сондай-ақ, саммит аясында делегация жетекшілерімен кездесу өткізу жоспарланған.Бөлісу: