Жаңалықтар
1 мин оқу 283
Мұнай-химиялық зауыттағы өрттен 12 адам ажал құшты
АСТАНА. 17 сәуір. Сауд Арабиясының шығысындағы мұнай-химиялық зауытта шыққан өрттен 12 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Эш-Шаркия провинциясында болған өрт жергілікті уақыт бойынша, сағат 11:40-та Jubail United Petrochemical Company (Эль-Джубайылдағы біріккен мұнай-химия компаниялары) зауыттарының бірінен шықты», – деп жазылған хабарламада.
Мәліметтер бойынша, тілсіз жау аз уақыттың ішінде сөндірілген. Алайда, қызыл жалынның салдарынан 12 адам ажал құшып, 11 қызметкер ауыр жарақат алды. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: rosbalt.ru.Бөлісу: