Жаңалықтар
1 мин оқу 385

Таэквондошы Айнұр Есбергенова Олимпиада лицензиясын иеленді

18.04.2016 AST АСТАНА. 18 сәуір. Таэквондошы Айнұр Есбергенова Филиппиннің Манила қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде финалға шығып, Олимпия ойындарына жолдама алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Енді ол финалда Тайпей таэквондошысымен кездеседі. Айнұр Есбергенова Қызылорда облысында №1 олимпиадалық резерв мектебінде оқиды. Жаттықтырушысы – Николай Курноскин. Ол – Сыр бойынан Олимпиадаға жолдама алған бесінші спортшы. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Штаттағы ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы.
Бөлісу:
Таэквондошы Айнұр Есбергенова Олимпиада лицензиясын иеленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар