Жаңалықтар
1 мин оқу 310

Зауытта болған жарылыстан 105 адам зардап шекті

21-04-2016 pemexАСТАНА. 21 сәуір. Мексиканың Веракрус штатындағы мұнай-химиялық зауытта болған жарылыстан 105 адам зардап шекті. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Petroquimica Mexicana de Vinilo зауытында 20 сәуір күні жойқын жарылыс болды. Құтқарушылар тобы осының салдарынан 2 мыңнан астам адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Аймақ басшысы Хавьер Дуартенің мәлімдеуінше, 58 адам сол кәсіпорынның қызметкерлері. Жарақат алғандардың бәрі ауруханаға жатқызылды. Осыған дейін 3 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Алайда, бұл мәлімет ресми хабарланған жоқ. Сондай-ақ, Хавьер Дуарте осыған байланысты аталған штаттағы алты муниципиясында білім орындарында сабақ болмайтынын айтты. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Жарылыстың басты себебі әзірге белгісіз. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: eluniversal.com.mx.
Бөлісу:
Зауытта болған жарылыстан 105 адам зардап шекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар