Жаңалықтар
1 мин оқу 271

Оралда есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

28-04-2016 arlanОРАЛ. 28 сәуір. Орал қаласында «Арлан» арнайы жасақ өкілдері есірткіге қатысы бар күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы mydorod.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Дина Нұрпейісова көшесінде орналасқан сауда орындарының бірінде болған. Бұл жағдайға байланысты полиция қызметкерлері ресми мәлімдеме жасаған жоқ. «Полицейлер қара түсті Lexus автокөлігін тоқтатып, жүргізушісін тұтқынға алды. Естуімізше, есірткіге қатысы бар», – деді куәгерлер. Темір Құсайын. Дерек, фото: mygorod.kz.
Бөлісу:
Оралда есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар