Жаңалықтар
1 мин оқу 400

Австралияда сирек кездесетін гауһартас табылды

03-05-2016 diamondАСТАНА. 3 мамыр. Австралияда австралиялық-британиялық Rio Tinto концернінің қызметкерлері сирек кездесетін күлгін түсті гауһар тас тапты. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Әшекей Батыс Австралиядағы Аргайл шахтасынан табылды. Айта кетерлігі, дүние жүзіне тарайтын күлгін түсті гауһар тастардың 90 пайызы осы маңайда өндіріледі. Салмағы 2,83 каратты құрайтын «Күлгін аргайл» деген атқа ие болған асыл тас Argyle pink diamonds компаниясының жыл сайынғы саудасында негізгі зат болмақ. Болжам бойынша, сатып алушылар оның бір каратына кем дегенде екі миллион долларға дейін қаржы ұсынады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.
Бөлісу:
Австралияда сирек кездесетін гауһартас табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар