Жаңалықтар
1 мин оқу 250

Ұлттық экономика министрі отставкаға кетті

05-05-2016-dosaevАСТАНА. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қызметінен кетті. Бұл туралы tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл ақпаратты Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері растаған. Айта кетейік, Ерболат Досаев 1998 жылы премьер-министрдің кеңесшісі, 2012-2013 жылдары Экономикалық даму және сауда министрі, 2013-2014 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып қызмет атқарған. Сондай-ақ, ол 2014 жылдың тамызынан бастап, бүгінгі күнге дейін Ұлттық экономика министрі болды. Талғат Райымбек. Дерек: tengrinews.kz. Фото: kapital.kz.
Бөлісу:
Ұлттық экономика министрі отставкаға кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар