Жаңалықтар
1 мин оқу 254

Алапат өрттен 5 адам опат болды

06-05-2016 ortАСТАНА. 6 мамыр. Ресейдің Якутск қаласында 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған алапат өрттен 5 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Опат болғандардың арасында 3 жасар бала бар. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Жақын уақыттарда шешімі шығады», – деп хабарлады ведомствода. Төтенше жағдайлар министрлігі қызыл жалынның 6 мамырға қараған түні болғанын мәлімдеді. Өрт сөндіру қызметкерлері келіп жеткенше 22 адам қауіпті жерден кетіп үлгерген. Қазіргі кезде тілсіз жау құрықталды. Тұрғындар туған-туыстарының үйіне көшірілді. Қызыл жалынның салдарынан 1 подъезд тұтасымен өртеніп кетті. Апаттың негізгі себебі әзірге белгісіз. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: vk.com.
Бөлісу:
Алапат өрттен 5 адам опат болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар