Жаңалықтар
1 мин оқу 160
Астанада бұқаралық велошеру болады
АСТАНА. 5 мамыр. Астанада 7 мамырда велоспорт маусымы ашылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Велошеру Жеңіс күніне арналады. Шеру сағат 9.00 «Салтанат сарайы» аумағынан басталып, Қабанбай батыр даңғылының бойымен «Астана-Арена» мен «Сарыарқа» велотрегі аумағында дейін жалғасады.
Шара барысында велопрокат пункттері ұйымдастырылып, шеруге қатысамын деушілер «Астана Bike» велосипедін пайдалана алады.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: egemen.kz
Бөлісу: