Жаңалықтар
1 мин оқу 636

Батырларға тағзым

scool1Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің қарсаңында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қызметкерлері Кеңес Одағының қаһармандары Әлия Молдағұлова мен Бауыржан Момышұлы атындағы Мәскеудің №402 және №1912 (Зеленоград) мектептеріне барды. Қазақстан дипломаттары мектеп оқушылары ұйымдастырған қа­­һармандарды еске алу салта­нат­ты шараларына қатысып, ба­тыр­лардың ескерткіштеріне гүлдер қойды. Іс-шараларға соғыс және ең­бек ардагерлері, Мәскеудегі қан­дас­та­рымыз және студенттер қатысты. Мектеп оқушылары мереке­лік концерт ұйымдастырып, со­ңы­нан қонақтарды мектеп жанында ­құ­рылған Әлия Молдағұловаға және Бауыржан Момышұлы­на арналған мұражайлармен та­ныстырды. «Егемен-ақпарат»
Бөлісу:
Батырларға тағзым · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар