Су спорты
1 мин оқу 374

Мажарстанда топ жарды

<p style="text-align: justify;">Венгрия астанасы Будапештте 7-12 қараша аралығында синхронды жүзуден халықаралық турнир өтті. Еуропадағы дүбірлі додаға Мажарстан, Словения, Чехия, Польша және Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты.&nbsp;</p>

Мажарстанда топ жарды

Бір аптаға созылған халықаралық жарыстың қорытындысында 13-15 жас аралығында жасөспірімдер арасындағы бәсекеде қазақстандық спортшылар бас жүлдені иеленді. Атап айтар болсақ, жекелей сында Арина Мясникова бірінші, Этери Какутиа екінші сатыдан көрінді. Ал жұптық сында Арина Мясникова мен Наргиза Болатова топ жарды. Сонымен қатар топтық жаттығуда да біздің құрама үздіктер қатарынан көрінді.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ, 

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Мажарстанда топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар