Елбасы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды <a href="https://elbasy.kz/kk/kazakstan-respublikasynyn-tungysh-prezidenti-elbasy-nursultan-nazarbaevtyn-ramazan-ayynyn-bastaluymen-kuttyktauy-23461"><span class="s2">elbasy.kz </span></a>сайтына сілтеме жасап.</span></p>
«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз. Қасиетті Рамазан айында сіздерге зор денсаулық, рухани күш-қуат, бақ-береке тілеймін!», делінген Елбасы құттықтауында.