Видео
1 мин оқу 612

Батыс Қазақстанда ақбөкеннің 2 мыңнан астам мүйізі тәркіленді

<p style="text-align: justify;">БҚО ПД ҰҚҚК басқармасының және ҚР ҰҚК-нің БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп &laquo;Браконьер&raquo; жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында ақбөкен дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Тінту барысында ақбөкеннің екі мыңнан астам мүйізі табылып, тәркіленді. Аталған факті ҚР ҚК 339-1-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша іс қозғалып, 5 адам Орал қаласы ПБ-не жеткізілді.
 
Полиция қызметкерлері хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.
 
 
 
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда ақбөкеннің 2 мыңнан астам мүйізі тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар