Видео
1 мин оқу 1,664
Қостанай көшелерінде елік жүр
<p style="text-align: justify;">Қостанайлық полиция қызметкерлері қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
19 наурыз күні полицейлерге қала тұрғыны хабарласқан. Ол Карбышев көшесінде орналасқан «Шыны орталығының» жанында еліктің жүргенін айтқан.
Осыдан кейін ол жерге Айдарбек Садыров пен Жаслан Тоқтаровтың құрамында автопатруль барған.
- Мекен-жай бойынша келген кезде біз қоршауда тұрып қалған елікті көрдік. Бұл үркитін жануар болғандықтан, біз оны ақырын шығарып, артқы аяқтарын байлап, қызметтік көлікке салдық. Содан кейін оны Алтынсарин ауданындағы мекенге жібердік. Жануар жарақат алған жоқ, - деді тәртіп сақшылары.
Бөлісу: