Мультимедиа
1 мин оқу 300

Рухани-танымдық радио ашылды

<p style="text-align: justify;">Елімізде жаңа рухани-танымдық интернет-радио жұ&shy;мысын бастады. &laquo;Azan&raquo; атты ақпарат құралы Аты&shy;раудағы &laquo;Иманғали&raquo; орталық мешіті жанынан ашылып отыр.</p>

Рухани-танымдық радио ашылды

Aтырау облыстық дін іс­тері басқар­масының мем­ле­кеттік тапсырысы ая­сын­да ашылған радио ҚМДБ Атырау облыстық өкілді­гі­мен бірлесе жұмыс істей­ді. Ашы­лу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сан­сызбай Құрбанұлы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Бай­кемелұлы және Са­раптама бөлімінің меңгерушісі Нұр­лан Евфрат­ұлы, зиялы қауым өкіл­дері мен журналистер қа­тысты.

Іс-шараны ашқан наиб мүфти Сансызбай Құр­бан­ұлы асыл діні­міздің құн­ды­лықтарын насихаттап, қо­ғамға пайдалы ақпарат­тармен насихаттауда радио­ның орны зор екенін атап өтті. «Адамға насихат ең бірінші құ­лақпен есту арқылы же­теді. Сол себепті жаңа істеріңіз бе­ре­келі болсын», деп батасын берді.

Атырау облысы дін істері басқар­масының бас маманы Қаһарман Рахметұлы дін саласындағы өзекті мәсе­ле­лерді имамдарымызбен бір­лесе отырып шешу мақ­са­тында жаңа жобалар жал­ғаса­тынын айтты. Ал наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы алғаш­қы қонақ ретінде радиоға сұхбат берді.

Айта кетейік, «Azan» – елімізде ашылып отырған рухани бағыттағы екінші интернет-радио. Бұған дейін Қа­зақ­стан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Munara» радиосы ашылып, жұ­мыс істеп жатыр.

Бөлісу: