Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
1 мин оқу 150
Көшпелілер ойындарына қанша жылқы қатысқан
<p style="text-align: justify;">Туризм және спорт министрлігі сандық деректерді ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Осы айдың 8-13 күндері елордада дүркіреп өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына жалпы саны 499 жылқы қатысқан. Оның ішінде 100 жылқы ұлттық құрамаға тиесілі. Ойындарды ұйымдастыру дирекциясы жылқысыз келген өзге елдердің қатысушылары үшін 300 жылқыны жалға алған. Сондай-ақ Қырғыз Республикасы – 91, Өзбекстан Республикасы – 8 жылқы әкелді.
Сонымен қатар жарыстарға 41 құс қатысқан. Оның ішінде 9 - ұлттық құрамаға, 8 - Қырғыз Республикасына тиесілі. 24 құсты өзге елдер үшін Құсбегілік федерациясы ұсынған.
Бөлісу: