Субсидия
1 мин оқу 60

Спутниктік құрылғыларды сатып алу субсидияланады

<p style="text-align: justify;">Ұлттық телерадионы қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасы басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.</p>

Спутниктік құрылғыларды сатып алу субсидияланады

Бағдарламаның мақсаты – жеке немесе заңды тұлғаларды отандық спутниктік телерадио хабарларын тарату оператор­лары­ның спутниктік қабылдау құрылғыларын сатып алуға ынталандыру. Бағдарлама шеңберін­де спутниктік телерадио хабар­­ларын тарату операторлары спут­ник­тік қабылдау құрылғы­ларын іске асыруға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтей алады. Бұл азаматтардың жабдық шығындарын азайтуға, отандық телерадио хабарларын тарату­дың қолжетімділігін арт­тыруға мүм­кіндік береді.

Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды. Субсидиялар жылына 50 мыңнан аспайтын спутниктік қабылдау құрылғыларын сатуға бөлінеді. Үдерістің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында Министрлік жанынан тұрақты жұмыс істейтін комис­сия құрылды. Субсидиялауды ұсы­­ну тәр­тібі Мәдениет және ақпа­­рат ми­нистрінің міндетін ат­қару­шы­­ның 2024 жылғы 21 қа­рашадағы №551-НҚ бұйры­ғымен бекітілген.

Министрлік Қазақстан Респуб­ликасының аумағында жұмыс істейтін спутниктік телерадио ха­бар­­ларын тарату операторларын бағдарламаға қатысуға шақы­рады. Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 74 02 64, +7 (7172) 74 03 43 телефон нөмірлері арқылы бай­ланысуға болады.

Бөлісу: