Екібастұз қаласында ТЖ басшысы кәсіпкерден пара алған
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Төтенше жағдайлар басқармасының бұрынғы басшысы Д. Куконевті 7 жыл 6 айға, оның орынбасары Ж. Майманов пен кәсіпкер Б. Жұмашевті 7 жылға соттады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Куконев пен Майманов Жұмашевтың кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 млн теңге параны бірнеше рет алғандықтан кінәлі деп танылған.
Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан және Куконев «азаматтық қорғаныс полковнигі», Майманов «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.