Рекорд
1 мин оқу 70

Спортшы бес вагонды сүйреп, рекорд жаңартты

<p style="text-align: justify;">Шымкенттік 52 жастағы спортшы Артық Досалиев жалпы салмағы 120 тонна болатын бес вагонды сүйреп, 21 метр 40 сантиметрге дейін жылжытқан, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Спортшы бес вагонды сүйреп, рекорд жаңартты

Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі, рельс деңгейін, жүк салмағын тексеріп, арақашықтықты өлшеуден өткізіп, рекордтың орнатылғанын растап, сертификат табыстаған. Артық Досалиев жетістігін жеңіс күні қарсаңында батыр бабалар рухына  арнаған. Нәтижеге жету үшін бір жыл бойы дайындалыпты.

Пауэрлифтингтен 5 рет әлем чемпионы, 2 дүркін Еуропа және Азия жүлдегері атанған Артық Досалиев алдағы жылдары осындай жеңіс мерекесі қарсаңында 6-7-10-20 вагонға дейін сүйреуге ниеттеніп отыр.

Бөлісу:
Спортшы бес вагонды сүйреп, рекорд жаңартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар