Мың бір мысал
1 мин оқу 20

Ләйлі

<p style="text-align: justify;">Шығыстың классикалық поэзиясында мәнін ішіне тартқан жұмбақ ұғымдар мол. Атап айтсақ, &laquo;гүл мен көбелек&raquo;, &laquo;жар&raquo;, &laquo;бұлбұл&raquo; және көптеп кезігетін &laquo;Ләйлі&raquo; есімі.</p>

Ләйлі

Жарқыл қағып жанарың жанып тұрғай, Ләйлім!

Гүл жүзіңнен қызыл нұр тамып тұрғай, Ләйлім!

Жүрегімде кіршіксіз махаббаттың оты бар,

Лапыл атқан күйінде қалып тұрғай, Ләйлім!

Бақсақ, біз сұлуларға арнал­ған деп түсінген осы бір өрнектер қызға емес, Құдайға, Құдайдың жамалына ғашықтықтан туған-ды. Мәселен, Хафиздың «Он екі жасар сүйіктім, мен сені таңда күтемін» деген жырының тәпсірі, шайыр «сүйіктім» деп таңда келетін он екі бас намазды айтқан деседі. Хафиз ғазал­дарында «сахи», «шарап», «гүл», «көбелек» сөздері рәміздік ұғымдармен астасып беріледі. Мәселен, шарап дегеніңіз Құдайдың нұры, кесе болса жүрек ретінде қолданылады. Яғни көзеге толтырып шарап ішу – Құдайдың нұрын жүрекке толтыру. Хафиз өмірін зерттеушілер ол ешқандай бүлікшіл, қызқұмар, маскүнем болмағанын, керісінше ғибратты, өнегелі өмір сүргенін, отбасына тиісті қамқорлық танытқанын баян етеді. Сондықтан да батыс зерт­теу­шілері «қорапта» өмір сүр­ген шайырға ренжіп те жатады.

«Ләйлі» сөзі араб тілінде «түн» деген ұғымды білдірсе, Мәжнүнді түнге ғашық болып есінен ауысқан ауыш деп суреттейді. Расында, «Ләйлі» ұғымы ғасырлар бойы жұмбақ қалпында оқыр­мандардың көңі­лін бұрып, дастандарға арқау болып келеді. Шығыс шайыр­ларының «Ләйлі мен Мәжнүн» дастанын өзінше жазбағаны кемде-кем. Осыдан-ақ біз тарқатқан ұғымның шексіздігін саралауға болады.

Бөлісу:
Ләйлі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар