Әуе жолаушыларын тасымалдау жаңа деңгейге жетті
<p style="text-align: justify;">2025 жылғы шілде айында еліміздің әуе тасымалы саласы айтарлықтай өсім көрсетіп, отандық әуе компаниялары 1,7 миллион жолаушыны жеткізді. Бұл өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 12,9%-ға артық. Аталған көрсеткіш 2007 жылдан бері бір айда тіркелген ең жоғары нәтиже болып отыр, деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жалпы, биылғы жылдың басынан бері әуе арқылы тасымалданған жолаушылар саны 9 миллионға жуықтады.
Саладағы қаржылық түсім де артып келеді: тек шілде айының өзінде жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 113 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,6%-ға көп.
Ал 2025 жылдың алғашқы жеті айындағы жалпы табыс көлемі 500 миллиард теңгеден асып, жылдық өсім 0,9%-ды көрсетті.