Жазылу
1 мин оқу 30

Басылымдарға жазылу басталды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазпошта&raquo; осы аптада мерзімді басылым&shy;дар&shy;ға жазылу басталғанын хабарлады. Оқырмандар 2026 жылы 3 мың газет пен журналға жазыла алады. Интернет-ресурстардың дамуына қарамастан, баспасөз басылымдары әлі де қоғамдық пікір мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын сенімді ақпарат көзі болып қала береді. Жазылым науқаны аясында &laquo;Қазпошта&raquo; акционерлік қоғамы &laquo;Балаларға сыйлық жаса: газет пен журналдарға жазыл&raquo; атты әлеуметтік жобаны жүзеге асырмақ. Бұл жоба тұрмыстың қиындығына тап болған балаларды танымдық басылымдармен қамтамасыз етуге бағытталған.</p>

Басылымдарға жазылу басталды

Пошта сервисі және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі басқарушы директор Бағлан Оразбай ­баспа басылымдарының маңыздылығын және олар­ды жеткізудегі «Қазпоштаның» рөлін атап өтті. Күн сайын сұрыптау учаскелері арқылы мыңдаған дана басылым қатталып, ең шалғай ауылдарға жеткізіледі.

подписка

Жазылым мерзімі республикалық басылым­дарға 2025 жылғы 25 жел­тоқсанға дейін, шетелдік басылымдарға 2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін жал­ғасады. Жазылуды www.qazpost.kz сайтында немесе Qazpost мобильді қосымшасында оңай әрі жылдам рәсімдеуге болады. 2026 жылға арналған газет-журналдар каталогы https://qazpost.kz/ru/help/tariffs?tab=pochtovye-uslugi сілтемесінде орналастырылған.

Барлық қажетті ақпарат qazpost.kz сайтында, «Қазпошта» АҚ-ның әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында орналастырылған. Толығырақ «Қазпошта» АҚ Байланыс орталығының 1499 телефоны арқылы білуге болады.

Бөлісу: