Маман
2 мин оқу 50

Қажырлы кітапханашы

<p style="text-align: justify;">Оқырманды таңғажайып әлемге жетелейтін кітапханашылар қауымының мәртебесі бүгінде арта түспесе, кеміген емес. Ғұмырының жартысынан астамын осы салаға арнап, оқырманның рухани қажетін өтеумен жүрген мамандық иелеріне құрмет те жоғары.</p>

Қажырлы кітапханашы

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана директоры Шолпан Шах­метованың бұл саладағы еңбек өтілі 40 жылға жуық. Сонау 1987 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент пе­дагогикалық мәдениет инсти­тутын «Кі­тапханашы-биб­лио­граф» мамандығы бойынша тәмамдаған соң, еңбек жолын бір­ден қазіргі С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада библиограф ретінде бастаған. Мекемеде ақпараттық-библио­гра­фиялық бөлім меңгерушісі, кітапхана директорының орынбасары болып қызмет істеді. 2015 жылдан облыстық кітап­ханаға басшылыққа тағайын­да­лып, бұл міндетті 10 жылдан астам уақыт жауап­кер­шілікпен атқарып келе жатқанына әріп­тес­тері де, оқыр­мандар да куә.

«Қазіргі таңда қоғамның руха­ни және мәдени дамуының маңызды тіректерінің бірі – кітапхана. Осы орайда облыстық кітапхана басшысы Шолпан Баянқызы ұжымға жаңа серпін беріп, аймақ тұрғындарының мәдени өміріне елеулі үлес қосып келеді. Кітапхананың материалдық-техникалық база­­сын жаңарту, цифрландыру бағы­тында бірқатар жобаны жүзеге асырды. «Кitap24.кz» электронды кітапханасын жасап, оқырмандарға онлайн қызмет көрсету жүйесі енгізілді. Сондай-ақ қалалық, аудандық, ауыл­дық кі­тап­ханалармен бай­ланыс нығайтылды. Кітап­ханамыз оқу орны ғана емес, мәдени-ағартушылық орталық­қа айналды. Мұнда түрлі әдеби кештер, ақын-жазушылармен кездесулер, шығармашылық байқаулар өткізіліп, оқырман клубтары тұрақты жұ­мыс істеп тұр», дейді С.Торайғыров кітапханасында ұзақ жылдан бері еңбек ететін әріптесі Баршагүл Байжанова.

Жастарды кітап оқуға ынта­­ландыру мақсатында «Кітап және қаламгер», «Пав­лодар­лық­тар балаларға кітап оқиды», «Оқитын Павлодар», «Ертіс-Баян пер­зенттері», «Қаламгер», «Брайл қарпін­дегі Павлодар кітабы», «Кітапхана – ауыл шам­шы­рағы» сияқты жобалар жолға қойылды. Бұл іс-шаралар жас буын­ның рухани өсуі мен ұлт­тық құн­дылықтарға бет бұруы­на ықпал етеді.

Павлодар облысы 

Бөлісу: