Отбасы
1 мин оқу 40

Күніне 76 ата-ана жауапқа тартылады

<p style="text-align: justify;"><strong>Елімізде күн сайын 76 ата-ана өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалар арасындағы құқықбұзушылықтарға қатысты көшпелі өңірлік кеңес отырысында айтты,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Күніне 76 ата-ана жауапқа тартылады

Жиында сөз алған министр министр балалардың тәрбиесіне қатысты ата-аналардың жауапкершілігін күшейту қажеттілігіне де басымдық берді.

«Ресми статистикаға сүйенсек, күн сайын 76 ата-ана өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал 395 ата-ана балалардың түнде үйде болуын қадағаламайды. Бұл көрсеткіштер баланың ата-ана назарынан тыс қалғаны туралы нақты дабыл. Ата-аналармен жұмыс ерекше назар аударуды қажет етеді. Мониторинг ата-аналардың педагогикалық қолдау орталықтарының қызметіне қатысу белсенділігінің төмендігін көрсетті», деді Ж.Сүлейменова.

Бөлісу:
Күніне 76 ата-ана жауапқа тартылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар