Халық
1 мин оқу 50

Қазақстанда қанша әйел тұрады?

<p><strong>Ұлттық статистика бюросы еліміздегі ерлер мен әйелдер санына қатысты жаңартылған мәліметтерді ұсынды. Мәліметтерге сүйенсек, елімізде 10 488 074 әйел бар, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазақстанда қанша әйел тұрады?

Әйелдердің жасы бойынша үлесі:

  • 0-15 жас – 29,1%;
  • 16-60 жас – 55,5%;
  • 61 жастан жоғары – 15,4%.

Аймақтар бойынша әйелдердің ең көп саны:

  • Алматы қаласы – 1,2 млн;
  • Түркістан облысы – 1 млн;
  • Астана қаласы – 803,5 мың;
  • Алматы облысы – 778,5 мың.

Айта кетейік, еліміздегі әйелдердің орташа жасы – 34,1.

8 наурыз қарсаңында пойыздағы әйелдерге сыйлықтар таратылды

Ал еліміздегі әйелдердің – 48%-ы, яғни 4,4 млн әйел жұмыс істейді. Оның ішінде 35-44 жас аралығында жұмыс істейтін әйелдер саны басым. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес – 50%. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес – 45%.

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

Жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санындағы жұмыс істейтін салалардағы үлесі:

  • Білім – 20%;
  • Сауда – 19%;
  • Денсаулық сақтау – 10%;
  • Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі – 50,8%.
Бөлісу: