Референдум
3 мин оқу 30

Тәуелсіз байқаушылар: Елдік шара заңнама талабына сай

<p style="text-align: left;">Республикалық референ&shy;дум&shy;ның дауыс беру үдерісін бақылау қорытындылары бойынша &laquo;Халық үні&raquo; тәуелсіз байқаушылар тобы алдын ала есебін жариялап, Алматыда брифинг өткізді. Байқаушылардың мәліметінше, дауыс беру рәсімдерінің негізгі бөлігі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйым&shy;дастырылған.</p>

Тәуелсіз байқаушылар: Елдік шара заңнама талабына сай

Референдум күні «Халық үні» қозғалы­сының байқаушылары еліміздің 11 қаласын­дағы 1 200-ден аса сайлау учаскесінде мо­ни­­то­ринг жүргізген. Олар бай­қау­дың ауқым­дылығы елдің түрлі өңірлеріндегі дауыс беру барысын жан-жақты бағалауға мүмкін­дік бергенін айтады. Қозғалыс­тың негізгі штабы Алматы қаласын­да орналасып, байқаушылар желісі елдің көптеген аймағын қамтыған.

«Байқау миссиясына дайын­дық барысында 11 қалада 2 мың­нан аса азамат арнайы оқытудан өтті. Байқаушыларды оқытуды қоғамдық-саяси үдерістер сала­сындағы танымал сарапшылар – белгілі саясаттанушы Дос Көшім және қоғам қайраткері Бекнұр Кисиков іске асырды. Оқыту нәтижесінде дайындықтан өткен азаматтардың арасынан 1 200 байқаушы іріктеліп, олар сайлау учаскелерінде жұмыс істеу үшін ресми жолдама алды. Референдум күні бай­қау­шылар таңертеңнен дауыс беру аяқтал­ғанға дейін учас-келерде жұмыс істеп, аза­маттық бақылауды толық әрі жүйелі түр­де жүргізді», дейді «Халық үні» тәуелсіз бақы­лау­шылар тобының жетекшісі Нұрболат Нышанбай.

Байқаушылардың бағалауын­ша, сайлау­шы­лар­дың белсен­ділігі жоғары болған. Учаске­лік комиссия мүшелері де дауыс беру рәсімдерін ұйым­дас­ты­ру­да қажетті кәсіби және ұйым­­дас­тырушылық дайындық дең­гейін көрсете білген.

Сонымен қатар байқау бары­сында әртүрлі сипаттағы 200-ден аса заңбұзушылық фактісі тір­келген. Байқаушылардың мәлі­ме­тінше, олардың басым бөлігі – техникалық немесе рәсімдік сипаттағы мәселелер.

«Атап айтқанда, ең жиі кездескен жағдай­дың бірі – бірнеше адамның бір мезгілде дауыс беру кабиналарына бірге кіруі. Бұл дауыс беру құпиялылығы қағида­тына қайшы.  Сонымен қатар кей­бір учаскелерде байқаушыларды тіркеуден бас тарту немесе олардың қызметіне немқұрайды қарау фактілері тіркелген. Бұған қоса сайлаушылар мен учаскелік комиссия мүшелері арасында түсін­беушіліктер, жеке куәліксіз дауыс беруге талпыныстар және өзге де жекелеген рәсімдік бұзушылықтар болды. Әрбір тіркелген жағдай бойынша байқаушылар тиісті актілер мен хаттамалар рәсімдеп, анықталған фактілерді ресми түрде тіркеген. Қазіргі уақытта жи­налған ақпаратты жүйелеу және қосымша тексеру жұмыстары жалғасып жатыр», дейді тәуелсіз байқаушылар тобының өкілдері.

Байқаушылардың мәліме­тінше, жақын арада барлық материал қорытындыланып, әрі қарай талқылау үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданады. Қозғалыс өкілдері анықталған кемшіліктер электоралдық үде­рістерді жетілдіру бағытын­дағы конструктивті диалогке негіз болады деген сенім білдіріп отыр.

Сонымен қатар «Халық үні» тобы жүргі­зіл­ген байқау миссия­сы референдум нәти­же­леріне күмән келтірмейтінін атап өтті. Ұйым өкілдерінің айтуынша, олардың негіз­гі мақсаты – дауыс беру үдерісін байқау, кемші­лік­терді анықтау және олардың жойы­луына ықпал ету.

Сарапшылар азаматтық бай­қау заманауи демократияның маңызды элементтерінің бірі еке­нін атап өтті. Қоғам өкіл­де­рінің сайлау рәсімдерін бай­қау­ға белсенді қатысуы мемле­кет­тік институттарға деген сенім­ді ны­ғайтып, электоралдық мәде­ниет­тің қалыптасуына ықпал етеді.

«Халық үні» бақылаушылар тобы жүр­гізілген миссияны Қазақ­стандағы демокра­тиялық инс­титуттардың дамуына аза­маттық қоғам тарапынан қо­сылған маңыз­ды үлес деп ба­ғалайтынын жет­кізді. Ұйым өкіл­дері алдағы уа­қытта да Ор­талық сайлау комис­сия­­сы және өзге де мүдделі та­рап­­тармен ынтымақтастықты жал­­ғас­тырып, элек­торалдық үде­ріс­­­­тердің ашықтығы мен сапа­сын арт­тыруға күш салатынын мәлімдеді.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Тәуелсіз байқаушылар: Елдік шара заңнама талабына сай · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар