Рекорд
2 мин оқу 10

11 500 домбырашы: Ұлттық рекорд тіркелді

<p style="text-align: left;">Алматыдағы &laquo;Almaty Arena&raquo; мұз сарайында Наурыз мейрамы қарсаңында ерекше мәдени оқиға болды. &laquo;Домбыра үні&raquo; атты ауқымды балалар флешмобына 11 500 жас домбырашы қатысып, еліміздің жаңа ұлттық рекорды тіркелді.</p>

11 500 домбырашы: Ұлттық рекорд тіркелді

Шаһардың Білім бас­қармасы ұйым­дастырған айшықты жоба жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Флешмобқа әзір­лік бірнеше ай бұрын бас­тал­ған. Жобаға қала бойынша 200-ден астам мектеп пен қосымша білім ұйымы қатысып, негізінен 7–10 сынып оқушылары қамтылды. Бір­не­ше апта бойы мыңға жуық педагог 11 500 жас өнерпазды үлкен сахнаға дайындаған. Ұйым­дас­тырушылар домбыраның қоңыр үні арқылы ұлттық мұраны дәріп­теп, өскелең ұрпақтың рухын кө­теру көзделгенін айтады.

Оқушылар бір мезетте орын­­даған музыкалық туынды мың­даған домбыраның үнін бір арнаға тоғыстырып, жас ұрпақтың бір­лігі мен өнерге деген құрметін көр­сетті. Бағдарламаға Төлеген Мұ­хамеджанов пен Алтынбек Қораз­баевтың әндері, Нұрғиса Тілен­диевтің күйлері, сондай-ақ Құр­манғазының «Балбырауын» күйі жаңа өңдеуде таңдалып алын­ған.

Іс-шараның шарықтау шегі – ұлт­тық рекорд ресми тіркелді. Білім басқармасының бастама­сын Қазақстан рекордтар кіта­бы қолдап, ұйым өкілдері қатысу­шы­лар санын, орындаудың ұзақтығын (4 минут 38 секунд), көркемдік ерек­шелігін мұқият саралады. Ерек­шелігі – қатысушылар бір күй ғана емес, түрлі жанрдағы шы­ғар­­малардан құралған күр­делі попурриді орындады. Нәти­же­сін­де, «Жаппай жетіс­тік­тер» санаты бо­йынша жаңа рекорд ресми тір­ке­ліп, арнайы сертификат табыс­талды.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш бұ­ған дейінгі Талдықорғанда тір­кел­ген (5 000 адам) рекордтан екі есе асып түскен. Сонымен қатар Атырау  (2010 жыл – 1 073 адам), Орал (2010 жыл – 1 700 адам) және Ас­тана (2024 жыл – 3 200 адам) қала­­лар­ындағы нәтижелер де жаңар­­тылды.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
11 500 домбырашы: Ұлттық рекорд тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар