Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
<p data-path-to-node="3">Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде қарсылас шақ келтірмей жатыр. Ол 1/8 финалда чехиялық Каролина Плишкованы еш қиындықсыз жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Төртінші айналымда отандасымыз әлемнің екінші ракеткасы чехиялық Каролина Плишковамен кездесіп, екі айналымда да қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші қарсыласына мүкіндік бермей 6:0 есебін тіркеді. Екінші сет 6:2 есебімен аяқталды.
Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Енді ширек финалда Рыбакина украиналық Элина Свитолинамен кездеседі. WTA рейтингінде Свитолина 10-орында тұр. Матч 13 мамыр күні Астана уақытымен сағат 16:00-де өтеді.
Екі теннисшінің бұған дейінгі өзара кездесулеріндегі жалпы есеп Рыбакинаның пайдасына – 4:3 болып аяқталған.
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2023 жылы осы Рим турнирінің чемпионы атанған болатын. Биыл аталған турнирдің жалпы жүлде қоры – 7 228 080 еуроны құрайды. Жекелей сындағы жеңімпаз 1 055 285 еуро көлемінде сыйақы алып, рейтингілік 1000 ұпайға ие болады.
Нұрболат АМАНБЕК