Рекорд
1 мин оқу 40
Наманган гүлдер фестивалі Гиннестің рекордтар кітабына енді
<p>Өзбекстанның Наманган қаласында өткен гүлдер фестивалі Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұйымның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, фестиваль үшін бір ай ішінде 29,4 миллионнан астам гүл отырғызылған. Ал рекорд орнату үшін қойылған ең төменгі талап – 1 миллион гүл болған.
Осылайша Наманган «Бір ай ішінде ұжымдық түрде ең көп гүл отырғызу» номинациясы бойынша әлемдік рекорд жасады.
Гүлдер фестивалі 24 мамыр мен 12 шілде аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар іс-шараға шамамен 5 миллион адам келеді деп отыр.
Еске салайық, елімізге Өзбекстаннан жеткізілген 5 мыңнан астам гүл кері қайтарылды.
Бөлісу: