Дәстүр
1 мин оқу 53

BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды

<p><strong>Қарағанды облысыынң Қарқаралы қаласында 20 мыңнан астам қонақ жиналған BaiQymyz этно-гастрономиялық фестивалі өтті. Қарқаралы ауданының қымыз өндірушілері екі бірдей жүлдені иеленді: бас жүлде және екінші орын. Жеңіс үшін Қарағанды облысы мен Қазақстанның өзге өңірлерінен келген 37 шаруашылық бақ сынады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды

Байқаудың қорытындысы бойынша 5 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленіп, еліміздің ең үздік қымыз өндірушісі атанған – «Қарқаралы Ақтерек» бренді. Жүлдегерлер қатарында сондай-ақ Қарқаралы өңірінің «Тоқпан қымызы» және Ұлытау облысының «Жаңаарқа қымызы» болды.

Қарағанды облысы әкімдігі

Фестиваль қонақтарына шамамен 30 тонна қымыз ұсынылды.

Іс-шара аясында этноауылдар жұмыс істеп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, гастрономиялық алаңдар және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

30 тоннаға жуық: Астанада қымыз рекорды тіркелді

Биылдан бастап BaiQymyz фестивалі республикалық мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізіліп, жыл сайын өткізілетін болады.

Еске салайық, Астанада «Қазанат» ипподромында 2025 жылы шілде айының 19-20 күндері бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өткені мәлім.

Бөлісу: