Кино
1 мин оқу 70

Бозжырада «Доспехи Бога 4» фильмінің түсірілімі басталды

<p>Маңғыстауда &laquo;Доспехи Бога 4&raquo; кинофильмінің түсірілімі басталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бозжырада «Доспехи Бога 4» фильмінің түсірілімі басталды

Жобаға әлемге әйгілі актер Джеки Чан қатысады.

Кинокартинаға арналған алғашқы кадрлар Маңғыстау өңіріндегі ерекше табиғи ландшафттарда түсірілген. Негізгі түсірілім локацияларының бірі – ерекше пейзажымен танымал Бозжыра шатқалы болмақ.

Джеки Чан, Геннадий Головкин және Михаил Шайдоров Миланда кездесті

Фильмнің режиссері – бұған дейін отандық тележобалар арқылы танылған Роберт Кун. Жоба «Доспехи Бога: Ультиматум» атауымен түсіріліп жатыр.

Еске сала кетейік, Джеки Чанның елімізде кино түсіретінін алғаш болып фильмнің сценарисі Рүстем Омаров хабарлаған болатын. Актер жағымды жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен еді.

Бөлісу:
Бозжырада «Доспехи Бога 4» фильмінің түсірілімі басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар