Теңге
1 мин оқу 40

Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ

<p>Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының қазіргі ахуалына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда ұлттық валюта бағамының әлсіреуіне негіз жоқ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ

Сенаттың пленарлық отырысында Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлеменің 17 пайызға дейін төмендегеніне қарамастан, теңге тұрақтылығын сақтап отырғанын айтты.

«Базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін теңгелік активтердің тартымдылығы азайып, доллар бағамы күрт өседі деген болжамдар болды. Алайда ондай жағдай орын алған жоқ. Бағам бұрынғыдай 487-488 теңге деңгейінде сақталып отыр», деді Тимур Сүлейменов.

Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті

Оның айтуынша, АҚШ пен Иран арасындағы алдын ала келісім аясында Таяу Шығыстағы шиеленістің бәсеңдеуі мұнай бағасының төмендеуіне әсер еткен. Соған қарамастан бұл фактор да теңге бағамына айтарлықтай ықпал етпеген.

«Сарапшылар да, нарық қатысушылары да Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтылықты, инфляциямен күреске және сапалы инклюзивті экономикалық өсімге бағытталған саясатты көріп отыр. Сондықтан теңге өзін жеткілікті түрде берік ұстап тұр», деді ол.

Айта кетейік, 17 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 489,39 теңгені құрап, алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,16 теңгеге өсті.

Бөлісу:
Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар